Тоқаев Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының барысын бақылап отыр
Сурет: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзге мемлекет басшыларымен бірге ашылу салтанатына қатысқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының барысын жіті бақылап отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Айбек Смадияр хабарлады.
Мемлекет басшысы Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов арқылы Қазақстан атынан Ойынға қатысып жатқан спортшыларға ізгі сәлемін жолдады.
Президент жарыстардың достық пен әділдік рухында өтіп жатқанын атап, спортшыларға жарқын жеңіс тіледі.
Қасым-Жомарт Тоқаев бапкерлер мен чемпиондарға ризашылығын білдіріп, ұлттық құраманың ортақ табысына үлес қосқан барша азаматтың еңбегі еленетінін айтты.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript