Құқығынан айырылса да, мас күйінде рөлге отырған жүргізуші ұсталды

Машина полиции, полицейский автомобиль, полицейские, полиция, автомобиль полиции, полицейская машина, патрульная машина, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.09.2026 11:54 Фото: pexels
Ұлытау облысының Жаңаарқа ауданында көлік жүргізу құқығынан айырылғанына қарамастан, мас күйде қайтадан рөлге отырған жүргізушіге қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға 13 қыркүйекте болған. Жаңаарқа ауылының айналма жолында патрульдік полиция қызметкерлері Mercedes-Benz көлігін тоқтатқан. Рөлде 29 жастағы ер адам болған.

Тексеру барысында жүргізушінің бұған дейін көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны анықталды. Соған қарамастан ол қайтадан мас күйде көлік жүргізген.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Полицияның мәліметінше, жыл басынан бері көлікті алкогольдік, есірткілік мас күйінде басқаруға қатысты 229 әкімшілік құқық бұзушылық анықталған.

Құқық қорғау органдары мас күйде көлік жүргізу жол қозғалысына қатысушылардың барлығының өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретінін еске салды.

Бұған дейін Қызылордада үйлену тойы айыппұл мен арнайы автотұраққа әкелгені хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: