БҚО-да өртті сөндіру кезінде өрт сөндіруші қаза тапты
Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Батыс Қазақстан облысындағы Жәнібек ауданында құрғақ шөпті сөндіру кезінде ТЖД қызметкері қаза тапты. Өрт 3 қыркүйекте "Татран" қыстағы аумағында болған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Өрт сөндіруші жарақат алып, Жәнібек ауылының ауруханасында қайтыс болды.
Қаза тапқан азамат өрт сөндіру бөлімінің командирі, 32 жастағы Миршат Халиуллин болып шықты. Туыстарының айтуынша, ол қарапайым отбасында өскен. Әкесі көлік жүргізушісі, анасы медбике болған.
ТЖД өкілдері тексеру жүргізіліп, қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталып жатқанын хабарлады.
Сондай-ақ ведомство марқұмның отбасына қажетті көмек көрсетілетінін нақтылады.
Бұған дейін ШҚО-да қайғылы оқиға орын алып, кісі өлтірді деген күдікпен оқушы бала қамауға алынғаны хабарланған.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
