Ақтауда "Қазақтелеком" қызметкері тоқ соғып, мерт болды

Жедел жәрдем, Ақтау, қайлығы оқиға, тоқ соғу, Қазақтелеком, қызметкер, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.09.2026 21:07 Сурет: akorda.kz
"Қазақтелеком" АҚ бөлімшелерінің бірінің қызметкерін Ақтауда электр тогы соғып, қаза тапты. Қайғылы оқиға 21 қыркүйекте 28-ші ықшам аудандағы тұрғын үйдің жертөлесінде болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Lada.kz баслымының мәліметінше, 33 жастағы ер адамды электр кабельдер орналасқан қорап үстіне пластикалық құбырды бекітіп жатқанда тоқ соққан. Жүргізілген реанимациялық шараларға қарамастан ер адам жан тапсырды.

Аталған факті бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы департаменті арнайы тергеу жүргізу үшін комиссия құрды.

Мамандар куәгерлерден сұрақ-жауап алып, оқиға орнын тексерді. Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталатын болады.

Маңғыстау облысы ПД ҚР ҚК-ның 156-бабы, яғни "Еңбекті қорғау ережелерін бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары қолға алынғанын мәлімдеді.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: