Ақмола облысында жұмысшыны тоқ соғып, мерт болды
Сурет: pixabay
10 қазанда Аршалы ауданының полиция бөліміне аудан кәсіпорындарының бірінің басшысынан нысанда электрик-реттеуші қаза тапқаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға орнына келген жедел-тергеу тобы, қайтыс болған 56 жастағы қызметкердің экскаваторды электр қуатынан ажыратпай, 6 мың вольтты электр тоғына түскені белгілі болды.
Осы фактіге қатысты полиция бөлімі ҚР ҚК-нің 156-бабы 3-бөлігі бойынша ("Қауіпсіздік техникасы қағидаларын бұзу") бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қайғылы оқиғаның барлық жағдайлары белгіленіп жатыр.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript