Ақмола облысында құрылыс басында жұмысшы мерт болды

Қайғылы оқиға, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.06.2022 19:42 Сурет: Zakon.kz
20 маусымда Есіл аудандық полиция бөліміне жедел медициналық жәрдем станциясы фельдшерінен қалада салынып жатқан нысандардың бірінде Көкшетау қаласының 33 жастағы жұмысшысы тоқ соғып, қаза тапқаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқыс оқиға орнына шұғыл жеткен тергеу-жедел тобы ер адамның бетонараластырғыш көлікті тазалау кезінде ток соғып, мерт болғанын анықтады.

Тергеу бөлімі аталған фактіге сәйкес, ҚР Қылмыстық кодекстің 156-бабының 3-бөлігі (Қауіпсіздік техникасы ережелерін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қайғылы оқиғаның барлық мән-жайлары анықталу үстінде.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: