Өскеменде металл қабылдау пунктінен 217 келі мыс ұрланған
Фото: Zakon.kz
Полиция мәліметінше, бірнеше қап мыстың жоғалғанын полицияға нысан иесі хабарлаған. Оқиғаны Ертіс полиция бөлімінің қызметкерлері тексерген.
Анықталғандай, белгісіз адам түнде нысан аумағына артқы жағынан кіріп, қоймадан мыс салынған сегіз қапты ұрлап кеткен.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер ұрлыққа қатысы бар деген күдікке ілінген адамдарды анықтады. Алдын ала мәлімет бойынша, олар ұрланған мысты аумақтан автокөлікпен алып шығып, кейін сатуды көздеген.
Келтірілген шығынның нақты көлемі 1 085 000 теңгені құрады. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.
Полиция нысан иелерін мүлкін тиісті күзетсіз қалдырмауға шақырды. Әсіресе түнгі уақытта аумақтар мен ғимараттардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге назар аудару қажет екенін ескертті.