Павлодарда қарсы жолаққа шыққан жүргізуші алты айға көлік басқару құқығынан айырылды

Водитель, водители, машина, машины, автомобиль, автомобили, руль, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.10.2026 09:59 Фото: pexels
Павлодар облысында патрульдік полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін бұзудың жолын кесіп, қауіпті жағдайлардың алдын алуда.

Мәселен, Астана – Павлодар автожолының 235-шақырымында Toyota Land Cruiser автокөлігінің жүргізушісі жол таңбалары мен белгілерінің талаптарын елемей, қарсы қозғалыс жолағына шығып, басып озу маневрін жасаған.

Құқық бұзушыға қатысты тиісті шаралар қабылданып, ол көлік құралын басқару құқығынан алты ай мерзімге айырылды. Жыл басынан бері өңірде қарсы қозғалыс жолағына шығудың 552 дерегі анықталған. Полицияның мәліметінше, қарсы жолаққа шығу – жол-көлік оқиғаларына себеп болатын аса қауіпті маневрлердің бірі.

Жүргізушілер қарсы бағыттағы көліктердің жылдамдығын, арақашықтықты және жол жағдайын дұрыс бағаламаған жағдайда ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін. Полиция қызметкерлері жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және басып озу кезінде қауіпсіздік талаптарын ескеруге шақырады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: