Рэпер Navai Қазақстаннан шығарылды
Сурет: Instagram/navaib
Жамбыл облысында есірткі контрабандасына күдікті ретінде ұсталған ресейлік музыкант әрі рэпер Navai-ға (шын аты-жөні – Наваи Бакиров) қатысты қылмыстық іс тоқтатылды. Өнерпаз ел аумағынан шығарылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы бүгін, 2026 жылғы 20 қазанда Жамбыл облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
"Келіп түскен сауалдарға байланысты ресейлік рэп орындаушысына қатысты қылмыстық іс ақтамайтын негіздер бойынша тоқтатылғанын хабарлаймыз. Қылмыстық-процестік заңнама талаптарына сәйкес, оның құқық бұзушылықты алғаш рет жасағаны және шын өкінгені ескерілді. Қабылданған процестік шешімді қадағалау органы бекітті. Шетел азаматы ел аумағынан шығарылды", – делінген хабарламада.
Navai 2026 жылғы 13 қазанда Қазақстанға кірер кезде "Қордай" шекаралық өткізу пунктінде ұсталған. Оны полиция қызметкерлері ҰҚК Шекара қызметімен бірлесіп ұстаған. Ол мінген автокөлікті тексеру кезінде есірткі заты табылып, тәркіленген.
Полиция бұл дерек бойынша есірткі контрабандасы мен есірткіні заңсыз сақтауға қатысты қылмыстық заңнаманың екі бабы бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлаған еді.
15 қазанда Қордай аудандық соты Navai-ды екі ай мерзімге қамауда ұстауға санкция бергені белгілі болды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript