Ақтауда балалар сырғанағынан сырғанап, бір жастағы қыз саусағының бір бөлігінен айырылды

Больница, поликлиника, медицинское учреждение, медучреждение, врачи, доктора, прием у врача, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.10.2026 09:57 Фото: akorda.kz
Ақтауда бір жастағы қыз бала темір балалар сырғанағынан сырғанау кезінде ауыр жарақат алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қала әкімдігінің мәліметінше, оқиға 2026 жылғы 18 қазанында болған. Бүлдіршін балалар облыстық ауруханасына жеткізіліп, ауруханаға жатқызылды.

Жарақат салдарынан қыз баланың сол қолының сұқ саусағының тырнағы орналасқан соңғы буыны ампутацияланды.

"Медициналық тексеру мен рентгенологиялық зерттеу нәтижесінде балаға сол қолының сұқ саусағының тырнақ фалангасының жарақаттан кейінгі ампутациясы диагнозы қойылды", – деп мәлімдеді Денсаулық сақтау басқармасы.

Қазір қыз бала дәрігерлердің бақылауында ауруханада жатыр және қажетті ем қабылдап жатыр.

Бұған дейін Жаңаөзенде де осындай жағдай болған. Онда нәресте желдеткіштің кесірінен саусақтарының ұшынан айырылған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: