Павлодарда шұғыл дабыл белгісімен жүйіткіген жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырады
Сурет: Zakon.kz
Павлодарда жедел жәрдем көлігі мен жеңіл көліктің қатысуымен жол апаты болып, салдарынан науқасты тасымалдаған дәрігерлер жарақат алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жол апаты 19 қазанда Н. Назарбаев даңғылында болған, алайда бұл туралы тек қазір, онда да әлеуметтік желілерде жарияланған видеолардан кейін белгілі болды.
Бұл ақпаратты Павлодар облысының полиция департаменті растады. Ведомство мәліметінше, жол үстінде Hyundai жедел жәрдем шағын автобусы мен Audi 100 маркалы жеңіл көлігі соқтығысқан.
"Audi 100 көлігі арнайы тұраққа қойылды. Тексеру жүргізіліп жатыр", деп түсіндірді 2026 жылғы 21 қазанда Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі Zakon.kz тілшісіне.
"Ирбис TV" телеарнасының мәліметінше, оқиға орын алар алдында шұғыл қызмет бригадасы кезек күттірмейтін шақырту бойынша әрекет етіп, науқасты бірінші санаттағы шұғыл дабылымен тасымалдап бара жатқан.
Соққы салондағы медицина қызметкерлері үшін ауыр тиді.
"Audi 100 маркалы көлігімен соқтығысқаннан кейін бригаданың дәрігері мен фельдшері зардап шекті, екеуі де амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. Audi 100 жүргізушісін дәрігелер оқиға орнында қараған, алайда оған медициналық көмек қажет болмады", деп хабарлайды Павлодар облыстық жедел медициналық көмек станциясынан.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript