Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Range Rover, Алматы, 25 қазан, жол апаты, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.10.2026 10:20 Сурет: Zakon.kz
25 қазанда таңертең Алматыда әл-Фараби даңғылы бойында, Навои көшесіне жетпей, батыс бағытта келе жатқан Toyota Camry көлігі қатты соққы салдарынан 100-150 метрге ұшып кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Toyota көлігінің жүргізушісінің айтуынша, жол апаты кезінде ол жақын маңнан басқа көлікті көрмеген (яғни өзін кім соққанын білмей қалған) және оқиға орнына жедел жәрдем қызметі мен полиция шақырған.

Toyota Camry, Алматы,25 қазан, жол апаты, Range Rover , сурет - Zakon.kz жаңалық 25.10.2026 10:20

Сурет: Zakon.kz

Кейінірек Мұстафин көшесімен қиылыстағы жолайрықта Toyota көлігінің жүргізушісі қара түсті Range Rover көлігін көреді. Оның нөмірлері, алдыңғы дөңгелектерінің бірі болмаған.

Бұл Camry-ді соғып, тоқтамастан үш дөңгелегімен қозғалысты жалғастырған көлік екені анықталды.

 Range Rover, Алматы,25 қазан, жол апаты, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.10.2026 10:20

Сурет: Zakon.kz

Toyota жүргізушісінің айтуынша, Range Rover өте жоғары жылдамдықпен құйғытып келе жатқан және оның салонында дауыстары қатты шығып, өздерін орынсыз ұстаған төрт жас жігіт болған.

Полиция қызметкерлері оқиға орнына келгеннен кейін де олар өздерін біртүрлі ұстап, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің талаптарына бағынбаған.

 Range Rover, Алматы,25 қазан, жол апаты, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.10.2026 10:20

Сурет: Zakon.kz

Camry жүргізушісі жол апаты оқиғасы рәсімделгеннен кейін арқасы ауырып тұрғандықтан ауруханаға баратынын айтты. Одан бөлек, бұл соққыдан Toyota-да болған тағы үш адам зардап шекті.

Жол апаты, Алматы, Әл-Фараби, Range Rover, 25 қазан, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.10.2026 10:20

Сурет: Zakon.kz

Сондай-ақ оқиға орнына саусақ іздерін алу үшін криминалист шақырылды, өйткені Range Rover-дің төрт жолаушысының ешқайсысы рөлде кім болғанын мойындамаған. Олар көлікті іштен құлыптап жауып алып, сөйлесуден бас тартқан.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: