Маңғыстау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары қайтыс болды
Сурет: facebook/tupqaragansayasat
Маңғыстау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Рахымбек Әміржанов 63 жасқа қараған шағында дүниеден өтті. Мемлекет және қоғам қайраткерінің қайтыс болғаны 2026 жылғы 11 қарашада белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қаралы хабар Түпқараған ауданы әкімдігінің Facebook-тегі ресми парақшасында жарияланды.
Аудан әкімдігі, аудандық ардагерлер кеңесі мен қоғамдық кеңес Әміржановтың Маңғыстау өңірінің дамуына елеулі үлес қосқанын атап өтіп, оны тәжірибелі басшы, мемлекет және қоғам қайраткері ретінде еске алды.
"Рахымбек Маршалұлы саналы ғұмырын халыққа қызмет етуге және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына арнады. Ол артына өшпес із қалдырып, кейінгі ұрпаққа лайықты үлгі көрсетті. Оның парасаты, кәсібилігі, іскерлігі мен адамгершілігі замандастары мен әріптестерінің жадында мәңгі сақталады", – делінген хабарламада.
2026 жылғы 2 қазанда Қазақстанның Мәдениет және ақпарат министрлігі белгілі журналист Индира Жылқайдарованың қайтыс болуына байланысты оның отбасы мен туған-туыстарына, жақындары мен әріптестеріне көңіл айтқан еді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript