Алматы полициясы "әріптесімнен таяқ жедім" деп видео үндеу жолдаған бойжеткенге жауап қатты

Ұрып-соғу, Алматы, құрылыс дүкені, әріптестер, ер адам, бойжеткен, полиция, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.11.2026 17:33 Сурет: pixabay
Алматы полициясы жанжал соңы төбелеске ұласқан қыз бен жігіт арасындағы оқиғаны тергеп жатыр. Ал өз кезегінде бойжеткен полиция қызметкерлерінің әрекетсіздігіне шағымданған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бойжеткеннің видео үндеуі әлеуметтік желіде жарияланды. Ол спорт шебері атағына ие әріптесінің өзіне қол жұмсағанын мәлімдеді. Видеодан оның көзінің айналасында көгерген орындарды байқауға болады. Сондай-ақ ол ауруханада өзіне мидың шайқалуы диагнозы қойылғанын айтып, көру қабілетінің нашарлағанына және өзін жайсыз сезінетініне шағымданады.

Жәбірленушінің айтуынша, полиция одан арызды қабылдағысы келмеген. Осыдан кейін ол eOtinish платформасы арқылы өтініш жазған. Алайда содан кейін де онымен ешкім хабарласпаған.

Ол "іс жылы жабылып қалады ма" деп қауіптенеді. Оның сөзінше, жігіт өзінің таныстары мен байланыстары барын айтып, мақтанған.

Бұл үндеуге қатысты 2026 жылы 19 қарашада Алматы қалалық ПД үн қатты:

"Алматыдағы құрылыс дүкендерінің бірінде әріптестер арасында жанжал шығып, ер адам әйелге күш қолданған. Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. 19 жастағы күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.Тергеу барысында бейнебақылау камераларының жазбалары зерттелді. Соның нәтижесінде оқиғаның қосымша мән-жайлары анықталды. Атап айтқанда, бейнежазбалардан әйелдің де әріптесіне қол көтергені белгілі болды. Оның әрекетіне де құқықтық баға беріледі. Полиция қылмыстық істің тіркелмегені және сот-медициналық сараптама тағайындалмағаны туралы тараған ақпараттың шындыққа жанаспайтынын хабарлайды. Қазіргі уақытта тергеу жалғасып жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы жан-жақты әрі объективті түрде анықталуда. Заң алдында бәрі тең".

Бұған дейін Маңғыстау облыстық полиция бастығының бұрынғы орынбасарына қатысты іс сотқа жолданғаны хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: