Маңғыстау облыстық полиция бастығының бұрынғы орынбасарына қатысты іс сотқа жолданды

Сот, Маңғыстау облысы, полиция бастығы, бұрынғы орынбасары, Бақтыбек Исаев, тергеу материалдары , сурет - Zakon.kz жаңалық 18.11.2026 19:42 Сурет: Zakon.kz
Маңғыстау облыстық полиция департаменті бастығының бұрынғы орынбасары Бақтыбек Исаевқа қатысты сотқа дейінгі тергеу материалдары сотқа жолданды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2026 жылғы 18 қарашада Lada.kz басылымы Атырау облысы полиция департаментінің Өзіндік қауіпсіздік басқармасына сілтеме жасап хабарлады.

"Редакция Маңғыстау облысының полициясы мен прокуратурасына сауал жолдады. Ведомстволардың жауабында Исаевқа қатысты қылмыстық істің тіркелмегені атап көрсетіледі. Осыдан кейін Атырау облысының полиция департаментіне сауал жолдадық, өз кезегінде тарап материалдардың сотқа берілгенін растады. Тергеу материалдары өзіндік қауіпсіздік бөлімшесінің өндірісінде болғаны нақтыланады", деп жазады басылым.

Бұл ретте ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының 1-бөлігі (сотқа дейінгі тергеу деректерін жариялауға шектеу қою) бойынша қылмыстық істің мәліметтері жария етуге жатпайтыны да нақтыланады.

Бұған дейін, 2026 жылғы қыркүйекте Маңғыстау облысы ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Сүйіндік Құрмантаев та қылмыстық қудалауға ұшыраған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: