Нығматулин ауған еліндегі жағдайды талқылауды ұсынды
Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Парламенттік Ассамблеясының отырысында сөз сөйлеп, ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясы әлемде болып жатқан оқиғаларға байланысты да өз дамуының жаңа кезеңіне аяқ басқанын атап өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бейнеконференция форматында өткен жиында сөз сөйлеген Нұрлан Нығматулин қазіргі таңда ҰҚШҰ жуырдағы Душанбе Саммитінің қорытындыларын ескере отырып, Ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің қызметін нормативтік құқықтық қамтамасыз ету бойынша жаңа міндеттер тұрғанына назар аударды.
Осыған байланысты Мәжіліс Төрағасы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ҰҚШҰ Бас хатшысының бітімгершілік мәселелері жөніндегі арнайы өкілі лауазымын тағайындау туралы бастамасының өзектілігіне назар аударды.
Фото: Ж.Жұмабеков
Біздің мемлекеттеріміздің басшылары ҰҚШҰ Ұжымдық Қауіпсіздік Кеңесінің отырыстарында нақты шешімдер қабылдаған кезде, сіздер мен біздің міндетіміз – олардың заңнамалық деңгейде іс жүзінде іске асырылуын қамтамасыз ету. Нұрлан Нығматулин
Отырыста Мемлекет басшысының биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бастамалары және Ауғанстандағы жағдай туралы сөз болды.
Мәжіліс Спикері бүгінде өткір мәселелердің біріне айналған Ауғанстандағы жағдайға назар аударып, елдің ауқымды гуманитарлық және азық-түлік дағдарысының алдында тұрғанын атап өтті. Сонымен қатар, Қазақстан Президентінің бастамасымен түрлі бағыттар бойынша жұмыстар атқарып жатқанын алға тартты.
Фото: Ж.Жұмабеков