Президент Арқарованы Жоғарғы соттың судьясы қызметінен босатуды ұсынды

Жоғарғы сот, судья, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.02.2022 17:59 Сурет: sud.gov.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті сенаты Жаңылсын Арқарованы Жоғарғы сот судьясы қызметінен босату туралы мәселені талқылады, деп хабарлайды Zakon.kz

Сенаттың ақпараттық ресурсында мәлімделгендей, конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің кеңейтілген отырысында депутаттар ел президентінің Жоғарғы сот судьясы қызметінен босатуды ұсынған кандидатураны талқылады.

«Сенат комитеті Жоғарғы соттың судьясы Арқарова Жаңылсын Баянқызын орнынан түсуіне байланысты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынымын қарай келіп, парламент сенатына оны қызметінен босатуды ұсынған қорытынды шығарды», – делінген хабарлама мәтінінде.

Жаңылсын Арқарова бұл қызметті 2012 жылдың маусымынан атқарып келеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: