Жаңалықтар тізбегі
0

Мәжіліс депутаты Алматыдан Сеулге бағыт алған ұшақ жолаушысының өмірін сақтап қалды

Марапат, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.06.2022 19:15 Сурет: ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметі
Шетелге іссапармен бара жатқан Мәжіліс депутаты Ғалымжан Елеуов ұшақта клиникалық өлім жағдайында болған жолаушыға алғашқы медициналық көмек көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Air Astana» әуе компаниясы Мәжіліс депутаты Ғалымжан Елеуовке 30 сәуірде Сеул-Алматы бағыты бойынша ұшқан жолаушының өмірін сақтап қалғаны үшін алғыс білдірді. Осыған орай бүгін Мәжілісте «Air Astana» әуе компаниясының президенті Питер Фостердің атынан компанияның өкілдері алғыс хат пен арнайы сыйлық табыс етті.

«Air Astana» әуекомпаниясының басшылығы 2022 жылдың 30 сәуірінде Алматы – Сеул бағыты бойынша ұшқан жолаушыға дер кезінде көрсеткен көмегі үшін алғыс білдіреді. Сіздің кәсіби шеберлігіңіз, жауаптылығыңыз және белсенді азаматтық ұстанымыңыз адамның өмірін сақтап қалды, – делінген алғыс хат мәтінінде.

Авиатасымалдаушы компания өкілі атап өткендей, ұшақтың бортында жолаушылардың бірінің қысымы төмендеп, есін жоғалта бастаған. Бортсеріктер салондағы жолаушылар арасынан медицина қызметкерлерін іздеген. Ер адам көмекке келді. Ол кейін белгілі болғандай шетелге іссапармен бара жатқан мамандығы бойынша дәрігер, Мәжіліс депутаты Ғалымжан Елеуов болды.

Ғалымжан Елеуовтың өзінің айтуынша, адам ес-түссіз, клиникалық өлім жағдайында болған. Оның қысымы мен тамыр соғуы сиреп, жедел түрде реанимациялық іс-шаралар жүргізілген.

Марапат, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.06.2022 19:15

Сурет: ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметі

Мәжіліс депутаты жолаушының жүрек қызметін қалпына келтіріп, оның жағдайын жақсарта алды. Осылайша, жақын маңдағы қалаға ұшақтың шұғыл қонуы қажет болған, дегенмен 37 жастағы ер адамның жағдайы тұрақтанып, ол әрі қарай ұшуды жалғастырды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: