Асламбек Мерғалиев Жоғарғы соттың жаңа төрағасы болып сайланды
Сурет: akt.sud.kz
Сенат Жоғарғы соттың жаңа төрағасы ретінде Асламбек Мерғалиевті сайлады, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
"Мен, Мерғалиев Асламбек Амангелдіұлы, өз міндеттерімді адал және абыройлы атқаруға, сот төрелігін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына ғана бағынып жүзеге асыруға, судья ретіндегі борышым міндтеттегендей бейтарап және әділ болуға салтанатты түрде ант етемін". Асламбек Мерғалиев
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев жаңадан сайланған Жоғарғы сот төрағасын қызметімен құттықтап, қызметіне табыс тіледі.
Асламбек Мерғалиев бұған дейін Ақтөбе облыстық сотының төрағасы қызметін атқарған.
Асламбек Мерғалиев 1972 жылы 2 сәуірде Павлодар облысында дүниеге келген. Білімі заңгер, Стамбул мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек өтілі:
- Екібастұз қаласындағы жеке фирмада заңгер (1998-1999);
- Павлодар облысы Әділет департаментінің бас маманы (1999-2001);
- Павлодар облыстық сотының бас маманы (2001-2003);
- Павлодар қалалық сотының судьясы (2003-2007).
- Павлодар облысы Екібастұз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы (2007-12.2008).
- Павлодар облысы Екібастұз қаласы сотының төрағасы (12.2008-07.2012).
- Павлодар қаласының №2 сотының төрағасы (07.2012-06.2014).
- Солтүстік Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы (17.06.2014-12.18.2015).
- Қостанай облыстық сотының төрағасы (18.12.2015-31.12.2020).
- Ақтөбе облыстық сотының төрағасы (31.12.2020 ж. бастап).
8 желтоқсанда Жақып Асановтың Жоғарғы сот төрағасы қызметінен босатылды. Бұл қызметте ол бес жыл қызмет етті.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript