Бүгін Мәжілістің 2023 жылғы бірінші жалпы отырысы өтеді
Сурет: senate.parlam.kz
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде 5 қаңтарда сағат 10.00-де 2023 жылғы бірінші жалпы отырыс басталды. Ол қаңтар оқиғасына арналған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сағат 9.00-де жалпы отырыс басталар алдында Мәжіліс залында арнайы көрме ұйымдастырылды.
Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Берік Асылов «Жаңа Қазақстан» депутаттық тобының 2022 жылдың қаңтарында болған қайғылы оқиғаларға қатысты сауалына ауызша жауап беріп, депутаттар алдында сөз сөйлейді.
Өткен аптада Мәжілісмен Еділ Жаңбыршин Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне Бас прокурор мен құқық қорғау органдарының басшылары келіп, қаңтар оқиғасына қатысты қазақстандықтарды толғандырған сауалдарға жауап беруді ұсынды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript