Қазақстан-Қырғызстан шекарасындағы шекаралық өкілдердің қызмет учаскелері айқындалды

ҚР Парламенті мәжілісі, арасындағы шекаралық өкілдердің қызмет учаскелері , сурет - Zakon.kz жаңалық 18.01.2023 12:47 Сурет: gov.kz
Мәжіліс 18 қаңтар күні "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы шекаралық өкілдердің қызмет учаскелері туралы хаттаманы ратификациялау туралы" заңды қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Хаттаманың негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасының шекаралық өкілдері өз функцияларын орындауға жауапты болатын мемлекеттік шекара учаскелерінің аумақтық шектерін айқындау.    


"Қазақстан Республикасының тарапынан Алматы, Қордай және Тараз учаскелері; Қырғыз Республикасының тарапынан – Ыстықкөл, Шу және Талас учаскелері айқындалды". ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Ерлан Алдажұманов

Хаттама Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы қатынастардың құқықтық негізін белгілеуге және реттеуге бағытталған, Қазақстан – Қырғыз мемлекеттік шекарасындағы шекаралық өкілдердің қызмет учаскелерін айқындауды көздейді, бұл еліміздің Мемлекеттік шекарасының белгіленген режимін қолдауға ықпал ететін болады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: