Президент Қазақстан мен АҚШ арасындағы «ашық аспан» туралы Заңға қол қойды
Сурет: Zakon.kz
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы Әуе қатынасы туралы келiсiмді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz
Айта кетсек, Мәжіліс «ҚР Үкіметі мен АҚШ Үкіметі арасындағы Әуе қатынасы туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдады. Бұл - Қазақстан тарихындағы алғашқы «ашық аспан» режиміндегі келісім.
Заң жобасы 2019 жылғы 30 желтоқсанда Нұр-Сұлтанда жасалған ҚР Үкіметі мен АҚШ Үкіметі арасындағы Әуе қатынасы туралы келісімді ратификациялауға бағытталған.
Келісімнің негізгі мақсаты - Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттары арасында тікелей әуе қатынасын ашу үшін құқықтық база құру.
Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) әуе қатынасын ырықтандыру жөніндегі ұсыныстарына және Америка тарапының ұсыныстарына сәйкес, Келісім аясында тараптар әуе компаниялары, пункттер мен рейстер саны бойынша, оның ішінде жолаушылар тасымалдары үшін «әуе еркіндігінің» бесінші деңгейімен шектеусіз ұша алады.ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript