Архимед Мұхамбетов – Қостанай облысының әкімі.
1972 жылы 6 маусымда Ақтөбе облысында дүниеге келген. Самара мемлекеттік техникалық университетін (инженер-электрик), Қазақ-орыс халықаралық университетін (қаржы бакалавры) бітірген.
Ақтөбе қаласының әкімі, Ақтөбе облысының басшысы қызметтерін атқарған. 2015 жылдың қыркүйегінде Қостанай облысының әкімі болып тағайындалды.