Мемлекет енді заңды түрде Робин Гудтың қызметін атқарады – экономист
Президент Жолдауында бірінші кезекте маңызды дүниелер: қымбатшылықпен күрес, бұл мәселедегі мемлекеттің үлесіне тоқталды. Сондай-ақ мемлекет негізінен монополиялық компаниялармен күресу жөнінде, тарифтерді монополиялық компаниялар үшін бекіту керек екені туралы нақты-нақты ұсыныстарын айтты. Ал нарықтағы бағаға мемлекет араласпауы керек. Бұл орайда президент "нарықтағы баға сұраныс пен ұсыныстың нәтижесінде реттелуі керек" деген мәселеге тоқталды. Мақсат Халық, экономист
Экономистің пікірінше, байлық салығын енгізу туралы ұсыныс – құптарлық іс.
Меніңше, бұл – ең негізгі дұрыс шешімнің бірі. Себебі мемлекет енді заңды түрде Робин Гудтың қызметін атқаратын болады. Бай азаматтардан көп салық алып, ол салықты негізінен әлеуметтік осал топтың әл-ауқатын жақсартуға қарай жұмылдыратын болады деп айтуға негіз бар. Мақсат Халық
Оның айтуынша, президент көтерген тағы бір маңызды мәселе – мемлекеттік бюджетті реттеудің жаңа саясатын қабылдау.
Себебі осы уақытқа дейін мемлекеттік бюждет негізінен Ұлттық қордың есебінен өмір сүріп келді. Президент бұл ретте мемлекеттік бюджеттің тапшылығын негізінен салықтық саясатты реттеу арқылы толтыру мәселесін көтерді.Мақсат Халық
Президент тарапынан айтылған "балалар капиталын құру мәселесі де жақсы инвестициялық бастама" екенін айтты экономист.
Президентіміздің осы жолғы Жолдауындағы халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған ең негізгі мәселе – бала капиталын құру мәселесі айтылды. Ұлттық қордың инвестициялық кірістілігінің елу пайызын балаларға шот ашып, соған аударып отыру керек екенін айтты. Мұның механизмі алдағы уақытта айтылар жатар. Менің өзімнің есептемелеріме тоқталатын болсам, қазіргі уақытта Ұлттық қорымызда 52,5 млрд доллар бар. Оның дәл қазіргі уақыттағы инвестициялық табыстылығы сын көтермейді. Дегенмен, жылына құрыды дегенде 10 пайыздық кірістілікке қол жеткізуге болады. Сол жолда жұмыс жасалу керек деп есептеймін. 52,5 млрд доллардың 10 пайызы шамамен 5 млрд доллардан асып жығылатын қаржы. Егер 5 млрд доллардың 50 пайызы балаларға үлестіріліп беруі қажет болатын болса, 2,5 млрд долларды 6 млн 100 мың балаға бөлуге тура келеді. Бұл сомаға қарайтын болсақ, шамамен 400 доллардан тиеді. Сонда әр жылда әр балаға осынша сома бөлінеді. Мұны теңгеге шақсақ, шамамен 200 мың теңге болады.
Менің ойымша, бұл – жақсы инвестициялық бастама. Алдағы уақытта егер де Ұлттық қордың түсімдері, инвестициялық кірістілігі артатын болса, сол жолда білікті мамандар жұмыс істейтін болса, онда біз өзіміздің ұрпағымыздың, балаларымызғдың болашағына қажет болатын алғашқы қаражатқа қарай қадам бастық деп есептеймін және бұл негізінен мемлекеттік, Ұлттық қордың халықтың әл-ауқатын, кешелек ұрпағымыздың әл-ауқатын арттыруға бағытталған ең бір дұрыс қадамдардың бірі болады деп есептеймін. Алдағы уақытта оның инвестициялық кірістілігі ұлғая беретін болса, онда 18 жылда балалар әлемдік жоғары оқу орнында оқимын десе де, денсаулығын жақсаратмын десе де немесе ол қаражатты баспана алуға жұмсаймын десе де, белгілі бір қаражатты жинақтап үлгереді.Мақсат Халық
Бұгін Жолдауда ең төменгі жалақы 70 мың теңге болатыны айтылды. Алайжа экономист дәл қазіргі жағдайда тағы 10 мың теңге қосу керек деп есептейді.
Президент ең төменгі жалақыны 70 мың теңгеге көтерді. Бірақ менің есептемелерімде, қазір ол 80 мың теңгенің үстінде болуы керек. Қазір ең төменгі жалақыны президент бекітіп жүр. Бірақ президентіміз бір сөзінде ең төменгі жалақыны есептеудің жаңа әдістері енгізіліп жатқанын айтқан еті. Сол әдістеме бойынша ең төменгі жалақы мөлшері қалай есептеліп жатқанын көріп қана нақты айтуға болады. Менің әлемдік тәжірбиелерге сүйене отырып, есептегенім бойынша, бүгіннің өзінде ең төменгі жалақы 80 мың теңге болып, келер жылдарда ол тағы өсуі керек. Мақсат Халық