Павлодар тұрғынынан 5 млн теңге жымқырған ресейлік ұсталды
Сурет: Zakon.kz
Қазір оны экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр
Мемлекетаралық іздеуде жүрген ер адам Домодедово әуежайында ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алаяқтық жасады деген күдіктіні әуежайда Мәскеу облысының полиция қызметкерлері қамауға алды.
2020 жылдың қаңтарында Ресей Федерациясы Омбы қаласының 60 жастағы тұрғыны Павлодар қаласына келіп, әйелмен танысқан. Ортақ бизнес құру сылтауымен әйелден 5 млн теңге алдап алған. Өтірік уәдеден шаршаған әйел 9 айдан кейін тәртіп сақшыларынан көмек сұрады. Жедел уәкілдер күдіктінің дерегін барлық аумақтық және шекара маңындағы аудандар мен елдерге жіберді.Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі
Қазір оны экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript