Жаңалықтар тізбегі
0

Полиция департаментіне тергеуге барған жігіт қайтыс болды

полиция, тергеу , сурет - Zakon.kz жаңалық 09.12.2021 12:31 Сурет: Zakon.kz
Туыстары оның өліміне полицейлерді кінәлап отыр

Шымкентте 31 жастағы ер адам 8 желтоқсан күні Полиция департаментінде болған тергеу кезінде қайтыс болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Департамент таратқан ресми мәлімдемеде марқұмның көлік ұрлығына қатысты ұсталғаны және тергеуге алынғаны айтылған. Жауап алу кезінде ол өзін нашар сезініп, артынша есін жоғалтқан.

«Дереу жедел жәрдем шақырылды, алайда дәрігерлер келгенше ол қайтыс болып кетті. Өлімнің нақты неден болғаны анықталып жатыр», – деді полицейлер.

Ratel.kz таратқан мәлімет бойынша, қайтыс болған Нұрболат Жұмабаев Қостанай қаласында тұрған. Ол бұған дейін ұрлық жасағаны үшін сотталып, жазасын өтеген. Бір жыл бұрын түрмеден шығып, үйленбек оймен Шымкентте тұратын сүйіктісіне келген.

Нұрболат Жұмабаевтың өліміне туыстары полицияны кінәлап отыр:

7 желтоқсанда онымен телефон арқылы сөйлестім. Жағдайы жақсы екенін айтты. Ал 8 желтоқсанда маған Шымкенттегі достарым хабарласып, Нұрболат пен жанындағы серігін полиция ұстап әкеткенін хабарлады. Артынша, полициядан хабарласып, мәйітті алып кетіңдер деді. Достарым дереу адвокат жалдады, ол Полиция департаментіне барып, Нұрболаттың денесінде соққы іздері барын хабарлады. Қазір Шымкентке өзім бара жатырмын, бауырымның денесін өз көзіммен көруім керек. Ол бұған дейін ешқашан жүрек ауруына шағымданған емес, шаңғы тебетін. Денсаулығы жақсы еді. Полицейлер айтқандай, оның жүрек ауруынан қайтыс болуы мүмкін емес.Марқұмның бауыры Жанболат
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: