Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда 28 жастағы әйел алаяқтық әрекеттері үшін ұсталды

Жауапқа тартылады, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.12.2021 21:06 Сурет: Zakon.kz
Бүгінгі күні біздің бөлімшеде жәбірленушілерден келіп түскен осыған ұқсас алты арыз тіркелді

Алматыда 28 жастағы әйел алаяқтық әрекеттері үшін ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Polisia.kz мәліметінше, М.есімді азаматша мессенджерлердің бірінде киім-кешек сататын топ құрып, онда ерлер, әйелдер және балалар киімдерін арзан бағамен ұсынатын ұсыныстарын орналастырған.

Қасқөй келесі тізбек бойынша әрекет етті: мессенджерге қолында жоқ өнімнің суреттерін орналастыру арқылы ол сатып алушыларға өнімді алғанға дейін алдын ала төлемді немесе оның толық құнын банктік аударым арқылы жасауды ұсынды. Сатушының тиімді ұсынысына қызыққан сатып алушылар көрсетілген банк шотына ақша аударған, содан кейін алаяқ олармен байланысын тоқтатып, абоненттік нөмірлерін бұғаттаған. Сатып алынған тауарларын күтпей, алаяқтық әрекеттердің құрбанына айналғанын түсінген жәбірленушілер полицияға жүгінді.Бостандық аудандық Полиция басқармасы жанындағы полиция бөлімінің бастығы Ғалымжан Қасымбаев.

Қазан айында Н.есімді азаматшадан екі апта бұрын осы топқа 154 мың теңгеге киім-кешекке тапсырыс бергені жайында жазылған арыз келіп түсті. Әйелдің айтуынша, ол өзі аударған ақшасын қайтарып алуға әрекет жасаған, бірақ онысынан еш нәтиже шықпаған.

Бүгінгі күні біздің бөлімшеде жәбірленушілерден келіп түскен осыған ұқсас алты арыз тіркелді, олар да киім-кешек үшін алдын ала төлем жасап, тауарды алмаған. Бір тапсырыстың құны 90-нан 160 мың теңгеге дейін болды. Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігінің 4-тармағына сәйкес тергелуде. Жауап алу кезінде әйел өз кінәсін мойындап, еш жерде жұмыс істемейтінін, ұрланған ақшаны жеке қажеттіліктеріне жұмсағанын түсіндірді. Айтпақшы, М.есімді азаматша бұрындары осыған ұқсас қылмыстары үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Қылмыстық іс аясында қажетті процессуалдық әрекеттер жүргізіліп, күдіктінің осыған ұқсас заңсыз әрекеттерге қатысы бар-жоғы анықталуда.Ғалымжан Қасымбаев.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: