Елордалық әйел ипотека алуға көмектеспек болған танысының үстінен арызданды
Сурет: Zakon.kz
Ер адам өз қызметі үшін 2 млн 200 мың теңге алған, деп хабарлайды Zakon.kz
Жайсыз оқиға биыл сәуір айында болған.
Алданған әйелдің айтуынша, танысы екінші деңгейлі банктердің бірінде байланысы, жақсы таныстары бар екенін айтып, өзін сендіреді. Бірақ ипотеканы, танысы алған ақшасын қайтарғанын күтпестен жәбірленуші полицияға жүгінуді жөн көреді.
Жедел іздестіру шаралары барысында күдікті ұсталып, "Алаяқтық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Нұр-Сұлтан полиция департаменті қырағы болуға, бейтаныс адамдардың қолына ақша ұстатпауға және ақша аудармауға кеңес береді. Нұр-Сұлтан қаласы ПД баспасөз қызметі
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript