СҚО-да білім саласы шендісінің бүлінген көлігі тас жолдың жиегінен табылды
Сурет: Instagram/dtp_sko
Солтүстік Қазақстан облысы Чистое ауылының маңындағы жолдың жиегінде мемлекеттік нөмірі жоқ көлік жатқан, деп хабарлайды Zakon.kz
БАҚ дерек көздері жеңіл көлікке оқ атылғанын жеткізеді.
18 желтоқсанда сағат 11:00 шамасында Чистое ауылының маңында Челябинск-Новосибирск автожолының 635 шақырымында мемлекеттік тіркеу нөмірі жоқ, бүлінген Hyundai Accent автокөлігі табылды (жүргізуші жағындағы есікте оқ тиген секілді екі тесік бар). Мағжан Жұмабаев ауданының полиция бөлімінің баспасөз қызметі
Аталған факті бойынша зардап шеккендер жоқ.
Анықталғандай, автокөлік ҚР БҒМ СҚО Білім саласындағы бақылау департаментінде тіркеліп, Петропавл қаласының 25 жастағы тұрғыны атына бекітілген.
Оның айтуынша (бұл ақпарат тексеріліп жатыр), 17 желтоқсанда сағат 22:00 шамасында келе жатқанда көлігі сынып, оны жол жиегіне тастап кетуге мәжбүр болған, есігін бекітіп, өзімен бірге мемлекеттік нөмірді шешіп ала кеткен. Мағжан Жұмабаев ауданының полиция бөлімінің баспасөз қызметі
Аталған факт ҚР Қылмыстық кодексінің 202-бабының 2-бөлігі, "Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру" бойынша бірыңғай тізілімге енгізілді.
Тергеу амалдары қолға алынды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript