Қазақстандықтарды қос алаяқ 17 млн теңгеге алдап кетті
Сурет: Zakon.kz
Қазақстандықтарды қос алаяқ 17 млн теңгеге алдап кетті, деп хабарлайды Zakon.kz
ҚР ІІМ ақпараттық медиа-порталы жыл басынан бері Қарағанды қаласының ПБ-не интернет-алаяқтардың арбауына түсіп қалған қала тұрғындарынан өтініштер түскен. Алаяқтар ақпараттық жүйені пайдалана отырып, шағын несие ұйымдары арқылы 105 мың теңгеден 140 мың теңгеге дейін несие рәсімдеп алып отырған.
Жедел-іздестіру іс-шараларының барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдіктілер – 26 жастағы екі ер адамды анықтап, ұстады. Олар Шымкент қаласының тұрғындары. Күдіктілер банк карталарын пайдаланып, жалпы сомасы 17 миллион теңгеге жуық материалдық шығын келтірген. Іс-әрекеттерін республика бойынша асырған. Күдіктілердің интернеттегі алаяқтық бойынша 150 фактіге қатысы бары анықталып жатыр. Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі
Полицейлер ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғады. Сот қылмыскерлерге қамауға алу түріндегі жаза тағайындады. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript