Ақтауда көліктерін жарық шамдармен безендірген жүргізушілерге айыппұл салынды

Әкімшілік хаттама, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.01.2022 10:36 Сурет: Zakon.kz
Полиция қызметкерлері көліктерін рұқсатсыз әшекейлеп, безендірген жүргізушілерге әкімшілік хаттама толтырды, деп хабарлайды Zakon.kz

Маңғыстау облысы ПД ақпаратына сәйкес, 30 желтоқсанда қала көшелерінде көліктерін жаңа жылдық жарық шамдармен безендірген үш жүргізушіні байқаған.

Видеода гирляндалармен безендірілген Toyota Land Cruiser Prado, Toyota Camry және Toyota RAV4 көліктерінің айыппұл тұрағына кіріп жатқаны байқалады. Қасында полиция көліктері де жүр.

Жүргізушілерге 15 АЕК көлемінде айыппұл салынады.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: