Ақтөбеде қамаудан қашып кеткен азамат ұсталды
Сурет: Zakon.kz
Ұсталған азамат Ақтөбе облысының полиция бөліміне жеткізіліп, полиция бөліміне тапсырылады, деп хабарлайды Zakon.kz
Азаматтық некедегі әйелін өлтірмек болған күдікті 5 қабатты үйлердің бірінің жертөлесінде ұсталды, делінген хабарламада.
23 қаңтар күні таңғы сағат 7:45 шамасында Жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасынан өзінің азаматтық некедегі әйелін өлтірмек болды деген күдікке ілінген ер адам қашып кетті. Қашқынды ұстауға полицияның біріктірілген күштері жұмылдырылып, іздеу шаралары жүргізілді.Ақтөбе ПД баспасөз қызметі
Қазіргі уақытта ұсталған азамат Ақтөбе облысы бойынша қылмыстық атқарушы жүйе департаментінің қызметкерлеріне тапсырылды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript