Өзбекстанның 6 азаматы ел аумағынан шығарылды

Мигрант, шетел азаматтары, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.01.2022 10:28 Сурет: ҚР ІІМ баспасөз қызметі
ШҚО Үржар ауданының Бақты ауылын тексеру кезінде Өзбекстан Республикасының 6 азаматы анықталып, Қазақстан Республикасының шегінен шығарып жіберу түрінде әкімшілік жауапқа тартылды, деп хабарлайды Zakon.kz

«Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасын өткізу аясында Шығыс Қазақстан облысының аумағында уақытша және тұрақты тұратын шетел азаматтарының мекенжайлары мен тұрғылықты жерлеріне, базарларына тексеру жүргізіліп жатыр.

Үржар ауданының Бақты ауылын тексеру кезінде Өзбекстан Республикасының 6 азаматы анықталды, олар еңбек қызметін жүзеге асыруға уәкілетті органның рұқсатынсыз «көлік жуу» орнын салумен айналысты.

Аталған бұзушылық үшін шетелдіктер ҚР ӘҚБК-нің 517-бабы 5-бөлігі бойынша Қазақстан Республикасының шегінен шығарып жіберу түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.ШҚО ПД баспасөз қызметі

Шетелдік азаматтарды қабылдаған тұлға да жазадан тыс қалмады. ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлуынша, ол ҚР ӘҚБтК-нің 519-бабы 1-бөлігі бойынша 30 АЕК айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: