Алматы облысында ер адам әпкесінің жігітін бір ұрып, өлтіріп алды
Сурет: pixabay
Алматы облысында тұрмыстық жанжал қайғылы жағдайға әкеліп соқтырды. Інісі әпкесімен бұрын бірге тұрған жігітпен төбелескен, деп хабарлайды Zakon.kz
Іле аудандық полиция басқармасының кезекші бөліміне Бақтыбай ауылының тұрғыны қайтыс болғаны туралы хабарлама келіп түсті. Тергеу барысында 31 жастағы ер адам бұрын бірге тұрған сүйіктісінің үйіне мас болып келіп, балағат сөздер айтып, есікті ашуды талап еткені белгілі болды.
Үйде бойжеткеннің інісі болған, ол есікті ашып, ер адамға мәселені "аулада шешуге" ұсыныс тастайды.
Былай шыға, ер адам мас жігітті ұрған.
Жедел іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері Жапек батыр ауылының 29 жастағы тұрғынын ұстады, ол өзінің туған әпкесін қорлағаны үшін жәбірленушінің жақ сүйегінен бір ұрғанын, ал ол сол кезде асфальтқа шалқалақтап құлағанын айтты. Осыдан кейін күдікті ес-түссіз жатқан адамды үйге кіргізіп, жедел жәрдемге хабарласқан. Іле АПБ бастығы Марат Күштібаев
Күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 99-бабы, 1-бөлігі, яғни "Адам өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қозғалған іс бойынша қажетті сараптамалар тағайындалды. Ұсталған азамат УҰИ-ға қамауға алынды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript