СҚО-да мас жүргізуші ерлі-зайыптыларды қағып, мерт қылды
Сурет: polisia.kz
Солтүстік Қазақстан облысында жол апатынан ерлі-зайыптылар қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz
Волошинка ауылының екі тұрғынын Ford Focus жүргізушісі қағып кетті. Қайғылы оқиға 3 ақпанға қараған түні орын алған.
Жүргізуші оқиға орнында ұсталды. Тексеру кезінде белгілі болғандай, ол мас күйде болған.
Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-1 бабының 4-бөлігі “Абайсызда екі немесе одан көп адамның өліміне алып келген алкогольдік масаң күйде көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы” бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Волошинка ауылының тұрғыны, 32 жастағы жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бірқатар сараптамалар тағайындалды.
Жол жүрісі қағидаларының өрескел бұзушылықтарын анықтауға бағытталған профилактикалық іс-шараларға қарамастан, жүргізушілердің жол үстіндегі тәртібі көңіл көншітпейді. Жыл басынан СҚО жолдарында көлікті масаң күйде жүргізген 50-ден астам жүргізуші ұсталды. СҚО ПД бастығының бірінші орынбасары Қанат Айтбаев
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript