Алматыда Ермек Нарымбаев ұсталды
Сурет: Instagram/ermeknarymbai
Алматыда полиция қызметкерлері блогер Ермек Нарымбаевты ұстады. Ол Киевтен ұшып келген, деп хабарлайды Zakon.kz
Алматы қалалық прокуратурасының хабарламасында 1970 жылғы Е.Е.Нарымбаевты Алматы қаласының халықаралық әуежайында Көліктегі полиция департаменті қызметкерлерінің ұстағаны айтылады. Блогер бұрын сотталып, шетелге кетіп қалған, оған іздеу жарияланған болатын.
Сот үкімімен Нарымбаев Е.Е. ҚР ҚК 174-бабы ("Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық немесе діни алауыздықты қоздыру") бойынша бас бостандығынан айыру түріндегі жаза шарасын қолдана отырып сотталды. Алматы қаласы прокуратурасының хабарламасы
Сот үкімін орындау мақсатында Ермек Нарымбаев тергеу изоляторына қамалды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript