21 жастағы ақмолалық бойжеткеннен «дәріхана» есірткісі тәркіленді
Сурет: Instagram/aqmola_pd
Ақмола облысының полиция қызметкерлері 21 жастағы “дәріхана” есірткісін қойып кетушіні ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz
Ақмола облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері облыс орталығының аумағында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 21 жастағы көкшетаулық бойжеткенді ұстады. Одан героиннің синтетикалық опиаты болып табылатын бірқатар дәрілік препараттардың 55-ке жуық таблеткасы және есірткіні пайдаланудан әсерді күшейту үшін есірткі тұтынушылар қолданатын заты бар 12 флакон табылып, тәркіленді.
Ұсталған азамат жедел уәкілдерге “микс”, “лира” және т.б. бірнеше есірткі салып үлгерген кэш орындарын көрсетті, нәтижесінде қыздан трамадолдың бес қорабы, тропикамидтің 14 флаконы, лириканың бес таблеткасы және сомнолдың бес таблеткасы тәркіленді. ҚР ІІМ баспасөз қызметі
Сараптама тағайындалды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 2-бөлігі (Есірткі заттарын заңсыз сақтау) бойынша сотқа дейінгі іс басталды.
Күдіктіден дәрі-дәрмектерді сатумен айналысу үшін пайдаланған ұялы телефон тәркіленді. Медициналық куәландыруға сәйкес, қыздың опиатын қолдану фактісі расталды. Облыстық ПД ЕҚҚІҚБ бастығы Мейрам Жапбасов
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript