Елордалық ҚАЖД қызметкерлері балалар үйінің бүлдіршіндеріне демалыс ұйымдастырды
Сурет: Нұр-Сұлтан қалалық ҚАЖД
Нұр-Сұлтан қаласының қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлері балалар үйіндегі бүлдіршіндерді кинотеатрға ертіп апарып, демалыс ұйымдастырды. Осылайша 25-тен астам бала үлкен экраннан өз арманындағы мультфильмді тамашалауға мүмкіндік алды, деп хабарлайды Zakon.kz
Іс-шараны елорданың қылмыстық-атқару жүйесінің жас қызметкерлері ұйымдастырды. Балалар үйінің 4-5 жастағы 25 тәрбиеленушісі "Біз - Монстр 2" атты қызықты мультфильмді үлкен экраннан тамашалап, бір сергіп қалды. Балаларға попкорн, тәттілер мен сусындар ұсынылып, қызметкерлер оларға түрлі ойындар ойнатқызды. Нұр-Сұлтан қаласы ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметі
Ұйымдастырушылар мұндай іс-шараларды алдағы уақытта ұдайы өткізіп тұратындарын ескерте кетті.
Сурет: Нұр-Сұлтан қалалық ҚАЖД
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript