Ақтөбе тұрғыны түрмеге телефонды бананға жасырып, өткізбек болды

Ақтөбеде ҚАЖ департаментіне қарасты КА-168/1 (тергеу изоляторы) мекемесінің режим және күзет бөлімінің қызметкерлері мекемеге келген сәлемдемені тексеру кезінде бананның ішіне мұқият жасырылған ұялы телефон және Beeline SIM-картасын тәркіледі, деп хабарлайды Zakon.kz
Тыйым салынған заттарды 29 жастағы У. И. есімді қала тұрғыны абақтыда “жалған кәсіппен айналысты” деген айып тағылған күдікті-айыпталушы танысына бананның ішіне жасырып, бермек болған.
Азамат У. И. өз түсініктемесінде кінәсін толық мойындады. Құқық бұзушыға ҚР ӘҚБтК-нің 791 және 795-баптары бойынша хаттама толтырылып, іс Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жолданды. Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы Руслан Оразбаев
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript