ШҚО-да 10 жыл бойы қос азаматтықпен жүрген тұрғын анықталды
Сурет: ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі
ШҚО-ның тәртіп сақшылары ақпан айының басында Бородулиха ауданында 2012 жылы Алтай өлкесінде азаматтық алып, Ресей Федерациясы азаматының паспортын алған, алайда осы күнге дейін ҚР азаматының құжаттарын пайдаланып келген 67 жастағы ер адамды анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz
ШҚО тәртіп сақшылары оны Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін көрсетіп, өзінің жылжымайтын мүлігін сатпақ болып, Бородулиха ауданындағы нотариустың біріне барғанда анықтаған.
Қазақстандық құжаттарды пайдаланғаны үшін құқық бұзушы ҚР ӘҚБтК-нің 496-бабы 1-бөлігі бойынша 100 АЕК айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Шетелдіктен Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі мен паспорты алынып, Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырды. ШҚО Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Ербол Бекпаев
ПД көші-қон қызметі басқа елдің азаматтығын алған жағдайда Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуды дер кезінде тіркеу қажет екенін ескертеді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript