Ақтөбеде бірінші сынып оқушысын көлік қағып кетті

Зардап шеккен 2014 жылғы жаяу жүргінші облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды, деп хабарлайды Zakon.kz
Ақпан айының басында тізгінінде 30 жастағы жүргізуші болған Lada-21901 автокөлігі Бауырластар-2 тұрғын үй массиві маңында жолға жүгіріп шыққан 1-сынып оқушысын қағып кеткен. Ол кедергі немесе қауіп туындаған кезде көліктің толық тоқтауына дейін жылдамдықты төмендетуге немесе кедергіні қауіпсіз айналып өтуге шаралар қабылдамады деп айыпталады. ҚР ІІМ баспасөз қызметі
Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккен 2014 жылғы жаяу жүргінші облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды.
Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript