Жаңалықтар тізбегі
0

Нұр-Сұлтанда кран құлап, жүргізушісі мерт болды

Оқыс оқиға, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.02.2022 12:50 Сурет: pixabay
Кран жүргізушісі мерт болды. ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті қайғылы оқиғаның себептерін анықтау үшін тергеуді бастады, деп хабарлайды Zakon.kz

18 ақпанда кешке Нұр-Cұлтанда кран құлап, машинист қайтыс болды.

Елорда әкімдігінің баспасөз қызметі әкімнің орынбасары Нұрлан Нұркеновтің тапсырмасы бойынша ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің департаменті және басқа да мемлекеттік органдардың мамандарынан тұратын комиссия құрылатынын хабарлады.

Комиссия техникалық талаптарға сай-сай еместігіне байланысты биік крандарға тексеріс жүргізеді.

Сондай-ақ, Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің департаменті оқыс оқиға себептерін анықтау үшін тергеу жүргізеді.

Елордалық ПД хабарлағандай, оқыс оқиғаға сәйкес, ҚР ҚК 277-бабы, яғни "Құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде абайсызда адам өліміне әкеліп соқтырған қауіпсіздік ережелерін бұзу" бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қажетті сараптамалар тағайындалды, тергеу жүргізіліп жатыр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: