Жаңалықтар тізбегі
0

Қостанайда құрылыс алаңында кран құлап, бір адам мерт болды

Кран, құлау, Қостанай, қайғылы оқиға, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.11.2023 21:39 Сурет: pixabay
Қостанай қаласында құрылыс алаңында кран құлап, бір адам мерт болды. Марқұмның кран жүргізушісі екені айтылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қайғылы оқиғадан бөлек, екі көлік бүлінген. Тұрғындардың айтуынша, көпқабатты үй құрылысы мамыр айында басталған. Ал кранды үш апта бұрын құрған көрінеді. Оқиға орнында тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Полиция 49 жастағы кран жүргізушісінің мерт болғанын растады, деп хабарлайды Astana.tv.

"Аталған дерекке сәйкес ҚР ҚК-нің 277-бабының 2-бөлігі, яғни "Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу, адам өліміне әкеліп соқтыру" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынды. Кранның құлау себебі анықталып жатыр". Қостанай қалалық ПБ "Солтүстік бөлім" басшысының орынбасары Дәурен Есқатов

Мәдина Жаппасованың көлігі құлаған кранның астында қалған. Енді ол құрылыс компаниясынан көлік құнын өндіріп алмақ. Онан бөлек тағы бір тұрғынның темір тұлпарына зақым келген.

"Кешегі жаңбырдан кейін, көлігімнің есігі ашылмай қойды. Құдай сақтаған шығар. Жүк салғышымдағы заттарымды алып, кете берген кезде кран құлады. Көз алдымда көлігім жапырылып қалды". Қала тұрғыны Мәдина Жаппасова
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: