Астанада құрылыс алаңында кран жүргізушісі биіктіктен құлап көз жұмды
Сурет: Zakon.kz.
Елордада құрылыс алаңында кран жүргізушісі биіктіктен құлап, алған жарақаттары салдарынан қайтыс болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Астана қаласының ПД баспасөз қызметі ақпаратты растады және осы факті бойынша "құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу, абайсызда адам өліміне әкеп соқтыру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
Тергеу жүргізіліп, қажетті сараптамалар тағайындалды.
ҚР ҚІЖК-нің 201-бабының негізінде өзге де ақпарат жариялауға жатпайды.
Бұған дейін Қостанайда екінші қабаттың терезесінен үш жасар баланың құлағаны хабарланған болатын.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript