Жамбыл облысында тағы бір әуе бомбасы табылды

Авиабомба, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.02.2022 19:53 Сурет: Zakon.kz
Жамбыл облысының құқық қорғау органдарына тағы бір әуе бомбасының табылғаны туралы хабар келіп түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

22 ақпан күні Байзақ ауданының полиция бөліміне 29 жастағы тұрғын хабарласқан, деп жазады ҚазАқпарат.

Ол Ақжар ауылынан 15 шақырым жердегі құмды аумақта, бұрынғы әскери полигон аумағында снаряд жатқанын жеткізген.

«Снаряд анықталған жерге тез арада полиция департаменті мен «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының 28349 әскери бөлімінің саперлері жіберілді. Снаряд «ОФАБ-100» моделінің жарықшақты-фугасты әуе бомбасы екені анықталды», - деп түсіндірді ведомстводан.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: