ҰҚК: 1,5 млн долларға алаяқтар мемлекеттік құрылымнан басшылық қызмет ұсынған

Алаяқтық, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.03.2022 20:56 Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Нұр-Сұлтан қалалық полициясы, ҰҚК-нің Ақтөбе және Қарағанды облыстары бойынша департаменттерімен бірлесіп, аса ірі мөлшердегі алаяқтыққа күдікті адамдар тобын ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өздерін мемлекеттік органдардың қызметкерлері деп таныстырып, жоғары лауазымды адамдар атын жамылған теріс пиғылдылар кәсіпкерге 1,5 млн АҚШ доллары сомасы үшін оны мемлекеттік құрылымдардың біріне басшылық лауазымға тағайындау мәселесін шешіп беруді ұсынған.

Олар жалға алынған «премиум-класс» автомашиналарын пайдаланған және жалданған күзеттің ілесіп жүруімен астананың элиталық орындарында кездесулер өткізген.

4 наурызда Нұр-Сұлтан қаласында 30 млн теңге мөлшерінде ақшалай қаражаттың бір бөлігін беру кезінде топтың үш қатысушысы және Ақтөбе мен Балқаш қалаларында тағы екеуі ұсталды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.  ҚР ҰҚК баспасөз қызметі
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: