Петропавлда мұржасы құлаған ЖЭО-ның директоры мен бас инженері қамауға алынды
Сурет: Zakon.kz
Тергеу барысын облыс прокуроры мен СҚО ПД бастығы өз бақылауына алды. Сонымен қатар облыс прокуратурасы бақылаушы органдардың қызметіне талдау жүргізеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Петропавлдағы ЖЭО-2 директоры мен бас инженері мұржаның құлауына қатысты қозғалған іс аясында ұсталды, деп хабарлады СҚО прокуратурасы.
ҚР Қылмыстық кодексінің 254-бабы, яғни "Өз міндеттеріне дұрыс қарамау" бойынша тергеу басталды.
21 наурызда облыстық полиция департаменті ҚР Қылмыстық процессуальдық кодекстің 128-бабында көрсетілген тәртіпке сәйкес, "ЖЭО-2" ЖШС директоры, сондай-ақ осы серіктестіктің бас инженері Петропавл қаласы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде барлық мән-жайларды анықтау үшін тергеу жүргізіледі. СҚО прокуратурасы
Тергеу барысын облыс прокуроры мен СҚО ПД бастығы өз бақылауына алды. Сонымен қатар облыс прокуратурасы бақылаушы органдардың қызметіне талдау жүргізеді. Талдау нәтижелері бойынша жауапты лауазымды тұлғалардың іс-әрекеттеріне баға беріледі.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript