Кафеде оқ атқан тараздық ұсталды

полиция, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.04.2022 19:28 Сурет: Zakon.kz
Кафеде оқ атқан тараздық Алматыда ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Polisia.kz-тің хабарлауынша, бүгін – 7 сәуірде Жамбыл облысы Полиция департаментінің Криминалдық полиция басқармасы 25 ақпанда Тараздағы кафеде екі тұрғынға оқ атқан күдіктіні ұстады.

ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабы 3-бөлігі, 99-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыс жасады деген күдікпен халықаралық іздеуде жүрген 36 жастағы Тараз қаласының тұрғынын полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізу барысында Алматы қаласынан анықтап, құрықтады.

Күдікті өз кінәсін толық мойындады.

Қазір ол Тараз қаласындағы тергеу изоляторына қамаққа алынды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: