Ақмола облысында мас ер адам жұдырықпен бір ұрып, әйелінің мұрнын «жоқ» қылды

Ұрып-соғу, оқыс оқиға, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.04.2022 19:27 Сурет: pexels
Зардап шегушіге "мұрынның травматикалық ампутациясы" диагнозы қойылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

19 сәуірде Зеренді ауданының полиция бөліміне аудандық орталық аурухананың қабылдау бөліміне жергілікті тұрғын көмек сұрап жүгінгені туралы телефон хабарламасы келіп түсті.

Зардап шегушіге "мұрынның травматикалық ампутациясы" диагнозы қойылды.

Алдын ала анықталғандай, мас күйіндегі қатты ашулы ер адам бірге тұрып жатқан әйелге дене жарақатын салған. Жанжалдың себебі - қызғаныш. Ақмола облыстық ПД

ҚР ҚК 107-бабы 1-бөлігі "Денсаулыққа орташа ауыр деңгейде қасақана зиян келтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қазіргі уақытта зардап шегуші полицияға өзінің мұрнын бұзған адаммен татуласуға ниетті екенін жеткізген.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: