ІІМ қаңтардағы бүлік кезінде зардап шеккен полиция қызметкерлері туралы айтты
Сурет: Zakon.kz
ҚР ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қаңтар айындағы тәртіпсіздіктер кезінде 58 полицей мен әскери қызметкер ауыр жарақат алғанын, олардың 14-і әлі емделіп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды. Zakon.kz.
Қаңтар оқиғасы кезінде қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша міндеттерін орындау барысында тәртіпсіздікке қатысушылар тарапынан аяусыз соққыға жығылған полиция қызметкерлері мен әскери қызметшілер туралы бірнеше рет хабарлағанбыз. Сол кезде олардың 58-і сүйек сынуы, атыс және пышақ жарақттары түрінде ауыр жарақаттар алды.ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов
ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов шабуылдаушылар өз іс-әрекеттерімен тікелей олардың өміріне қол салғанын атап өтті.
Бүгінгі таңда ауыр жарақат алған 14 полиция қызметкері әлі емделіп жатыр. Мысалы Алматы қаласында жаппай тәртіпсіздіктер барысында Республика алаңында қоғамдық тәртіпті сақтауды жүзеге асырған Әуезов аудандық полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторы ауыр жарақат алды. Оны ереуілшілер аяусыз ұрып-соғып, металл арматурамен соққы жасап, мойын омыртқасын зақымдаған. Сондай-ақ алған жарақаттары салдарынан екі бүйрегі де істен шықты. Оның өмірі күн сайын жасанды бүйрек – гемодиализбен қамтамасыз етіліп жатыр. Санжар Әділов
Әділовтың айтуынша, қазір полиция қызметкері дәрігерлердің бақылауында, оған білікті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.
Біздің полиция қызметкері – отбасының жалғыз асыраушысы.Санжар Әділов
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript